Bugin

Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен 30-дан астам адам ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еліміздегі Ауыл шаруашылығы министрлігінің бөлімшелерінде және оған қарасты ұйымдарында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен 30-дан астам адам ұсталды. Қазіргі кезде тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Express Qazaqastan.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ауқымды операция ұйымдастырып, Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық бағынысты бөлімшелері мен ұйымдары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалалары, Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстары әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларынан тұратын қылмыстық топтар әшкереленді. Олар субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатын ұрлаумен айналысып, кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара мен заңсыз сыйақылар алудың әдісін жасаған», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының көмекшісі Шыңғыс Әлекешев.

Оның айтуынша, қазір тергеу жүріп жатыр. Заттай дәлелдемелер алынған.

Бұл жемқорлыққа 30-дан астамның қатысы бар екені анықталды. Олардың көбі кінәсін мойындап, тергеушілермен бірге жұмыс істеуге келісті. Тергеу мүддесіне байланысты әзірге өзге ақпарат жарияланбайды.